Жалпы білім беретін пәндер апталығы аясында химия пәнінің оқытушысы Отегенова Акмарал Юсуповнаның ұйымдастыруымен 231 топ білім алушыларына арналған «Ғажайып гипс әлемі» тақырыбында сыныптан тыс шеберлік сағаты өтті. Шара білім алушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыруға, гипстің қасиеттері мен қолданылуын танып-білуге және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды. Ғылым мен шығармашылық тоғысқан шеберлік сағаты!
#ПәндерАпталығы #Химия #ҒажайыпГипсӘлемі #ШеберлікСағаты
РУС
ҚАЗ