Республика күніне орай «Қуатты мемлекет: Республика және Ата Заң» атты зияткерлік сайыс өткізілді. Төрт команда қатысқан білім додасында студенттер ел тарихы мен мемлекеттік рәміздерге қатысты сұрақтарға жауап беріп, құқықтық жағдаяттарды талдады. «Уақытпен жарыс», «Әріптер сөйлейді» және «Алтын резерв: Финалдық тәуекел» кезеңдерінде шапшаңдықтарын, тапқырлықтарын және топпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. Іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, Отанға құрметін нығайтуға және жауапты азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталды. Ұйымдастырушы: Мәтжан Бұлбұл Нұрлыбекқызы. Еліміздің ертеңі — білімді, саналы әрі жауапты жастардың қолында!
#РеспубликаКүні #ҚуаттыМемлекет #АтаЗаң #ЗияткерлікСайыс #ЗаңМенТәртіп #МақатКолледжі
РУС
ҚАЗ