22 қазан күні колледжімізде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында 1 және 2-курс студенттерімен құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған жиналыс өтті. Кездесуге Мақат ауданы прокуратурасының прокуроры Жантөре Аян Махамбетұлы және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Серікқали Жанарыс Жақсыбайұлы қатысты. Жиынның негізгі мақсаты — жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және заң талаптарын сақтауға жауапкершілікпен қарауға шақыру. Заңды білу, өз құқығыңды қорғау және өзгенің құқығын құрметтеу — әр азамат үшін маңызды.
#ЗаңМенТәртіп #ҚұқықтықСауаттылық #ҚұқықБұзушылықтыңАлдынАлу #МақатКолледжі
РУС
ҚАЗ